«ҚазТехнология» компаниясының өкілі Нуриддин Ергебеков мұндай акциялар алдағы уақытта да жалғасатындығын айтты.
Арыс қаласындағы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасын табуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық компания «KAZAKHSTAN ASELSAN ENGINEERING» (KAE) ЖШС-і бастамасымен республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Арыстық балғындар қуанышқа кенелді. Яғни, 90-ға жуық мектеп оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен сертификаттар табысталды.
Сондай-ақ, игі шараға арнайы қатысқан «ҚазТехнология» компаниясының өкілі Нуриддин Ергебеков мұндай акциялар алдағы уақытта да жалғасатындығын жеткізді.