ТҮРКІСТАН: Арыста Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

0
204

Көпшілік бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, елдің амандығы мен болашағының жарқын болуын тіледі.


ТҮРКІСТАН: Арыста Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Арыста 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті. Биылғы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп, мазмұны мен ауқымы жағынан ерекше сипат алды.


Мерекелік шаралар орталық Әл-Фараби алаңында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Салтанатты шеруге қаладағы этномәдени бірлестіктер, білім беру мекемелері, теміржол саласының еңбек ұжымдары мен тұрғындар белсене қатысты. Алаң ұлттық нақыштағы көркем безендірулермен көмкеріліп, әр ұлттың салт-дәстүрін, ән мен биін паш ететін сахналық қойылымдар мен көрмелермен толықты.


Шеруді қазақ халқының ұлттық киімдегі шеруі бастап, оны славян, өзбек, татар-башқұрт, иран-әзірбайжан этномәдени орталықтары мен теміржол мекемелері ұжымдарының шеруі жалғастырды.


Мерекелік іс-шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев пен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов арнайы қатысып, жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады.


Салтанат барысында қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласып, бірлік пен ынтымақты нығайтуға үлес қосқан ардагерлер мен сала қызметкерлері, сондай-ақ қаланы абаттандыру мен көгалдандыру бағытында еңбек етіп жүрген жұмысшылар облыс және қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.


Шара барысында этнобірлестік өкілдері ұлттық тағамдар көрмесін ұсынып, мәдениет үйі өнерпаздары көрермендерге мазмұнды концерттік бағдарлама тарту етті. Ән айтылып, күй шертілді, халық билері орындалды.


Бұл күні барша арыстықтар ел бірлігі мен тыныштығы, қоғамдағы татулық пен түсіністікке тағы бір мәрте көз жеткізді. Көпшілік бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, елдің амандығы мен болашағының жарқын болуын тіледі.

Бөлісу