ТҮРКІСТАН: Арыста спорт және ойын алаңшалары ашылды

0
418

15 балалар спорт алаңшасы жөндеуден өткізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Арыста спорт және ойын алаңшалары ашылды

Түркістан облысы, Арыс қаласы балаларға арналған спорт және балалар ойын алаңшаларымен толықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Көктемде Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың жеке қабылдауында болған Арыс қаласының тұрғыны, қоғам белсендісі Серік Жаппарқұл Әйтеке би көшесіндегі балаларға арналған ойын алаңшасы қайта жаңартылып берілсе деп тілек білдірген.


Шаһар басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес осы мәселеге қатысты өзге де өтініштерді назарға алды. Тиісті бөлімдерге тапсырма беріліп, ойын алаңшалары бойынша жоспар жасалды.


Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығы және Арыс қаласының 65 жылдығы қарсаңында тұрғындардың өтініші бойынша, қаладағы бірнеше ойын алаңшалары жаңартылып, жаңа кейіпке енді. Заманауи үлгідегі спорт және балалар ойын алаңшалары бой көтерді. Ескі алаңшалар мен спорттық жаттығу құрал-жабдықтары ауыстырылып, жаңалары орнатылды.


Қазіргі таңда Арыс қаласы мен Ақдала, Дермене, Қызыл көпір, Байырқұм, Жиделі, Қожатоғай және Монтайтас елді мекендерінде орналасқан 15 балалар спорт алаңшасы жөндеуден өткізіліп жатыр. Тұрғындардың сұранысына қарай бұл сан арта түсуі мүмкін.


Сонымен қатар қала және елді мекендерде 16 балалар ойын алаңшасы, 16 көшедегі жаттығу алаңшасы және футбол ойнауға арналған 12 шағын алаңдардың құрылысы қолға алынған.