ТҮРКІСТАН: Арыста жаяу жүргіншілерге арнап жол салынады

0
690

Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптар берілді.


ТҮРКІСТАН: Арыста жаяу жүргіншілерге арнап жол салынады

Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылында жаяу жүргіншілерге арнап жол салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде қала әкімі Гүлжан Құрманбекова тұрғындармен кездесті. С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектепте өткен шараға Арыс қаласының прокуроры Талғат Сейдуалиев пен аудандық полиция бөлімінің, қала әкімдігі аппаратының өкілдері, дербес бөлім басшылары мен салалық құрылымдардың жауапты мамандары қатысты. Жиында ауылдың өзекті мәселелері айтылып, оларды шешу жолдары талқыланды. Соның бірі – ауылдық округтегі жаяу жүргіншілерге арналған жол мәселесі болды.


"Биыл біз Ақдала ауылындағы М.Мақатаев пен И.Байзақов, С.Ерубаев және N7 көшелерінің бойына жаяу жүргіншілер жолын салу үшін тиісті сметалық-құжаттамасы дайындалып, бюджет мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүргізілетін болады", - деді Гүлжан Мамытқызы.


Сонымен қатар, қала әкімі ауыл ішіндегі Кемел көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын атап өтті. Шара аясында ақдалалық тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптар берілді.