Онда азаматтар жатын орын, ыстық тамақ, медициналық көмекпен және қажеттілігіне қарай киім-кешекпен қамтамасыз етілуде.
Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Шардара қаласында 3 пункт жұмыс жасауда. Онда тіркелген азаматтар жатақ орынмен, ыстық тамақпен, медициналық көмекпен, қажеттілігіне қарай киім-кешекпен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.
Арыс қаласындағы орын алған төтенше жағдай байланысты Шардара қаласында 3 қабылдау пункттері ашылған. N16 колледждегі тіркелген 286 азаматтың 80-і ер, 76-сы əйел, 130-ы жасөспірім болса, «Балауса» балабақшасына 2 тәрбиеші мен 70 бүлдіршін орналастырылған. «Дарын» мектеп-интернатына 46 ер, 59 əйел мен 101 жасөспірім жайғастырылған.
Шардара қаласындағы тұрғындарды орналастыру пункттерінің бәрінде тіркелген азаматтар жатын орын, ыстық тамақ, медициналық көмекпен және қажеттілігіне қарай киім-кешекпен қамтамасыз етілуде.
Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиевтің мәліметінше, бүгінде «Балауса» балабақшасындағы 70 бүлдіршіннің 58-і ата-аналарына тапсырылып, «Дарын» мектеп-интернатында тіркелген Жиделі, Байырқұм, Аққала елді мекендері тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үйлеріне қайтарылған. Сонымен қатар, N16 колледжде тіркелген 286 азаматтың 101-і өз еріктерімен үйлеріне қайтқан.