ТҮРКІСТАН: Арыстық 10 отбасы Солтүстікке көшуге ниет білдірді

0
491

Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша «Ашық есік» күні өтті.


ТҮРКІСТАН: Арыстық 10 отбасы Солтүстікке көшуге ниет білдірді

Арыс қаласында солтүстік өңірлерге қоныс аудару мәселесі бойынша «Ашық есік» күні өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы мен Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында солтүстік өңірлерге қоныс аудару мәселесі бойынша «Ашық есік» күнін өткізді.


«Ашық есік» күнінде қала тұрғындарына Павлодар өңірінен арнайы делегацияны бастап келген Шарбақты аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Смаилханова және Галкина ауылдық округінің әкімі Д.Нурсеитов насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, солтүстік өңірлерге көшкен азаматтар мен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен бос орындар жайы сөз етілді. Насихат жұмыстарының нәтижесінде Арыс қаласынан 10 отбасы көшуге ниет білдіріп отырғандықтарын жеткізді.