ТҮРКІСТАН: Әскерилерге экстримизм мен терроризмнің алдын алу шаралары түсіндірілді

0
678

«Діни экстримизм мен теорризмнің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


ТҮРКІСТАН: Әскерилерге экстримизм мен терроризмнің алдын алу шаралары түсіндірілді

Арыстық әскерилерге экстримизм мен терроризмнің алдын алу шаралары түсіндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс гарнизонына қарасты мотоатқыштар батальоны мен артиллериялық дивизионының 180-ге жуық әскери қызметшілеріне «Діни экстримизм мен теорризмнің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Кездесулер гарнизонның әскери полиция бөлімшесінің бастамасымен «Өміріңді сақта» акциясы аясында және ҚР ҚК ӘПББ-ның айлық іс-шаралар жоспарына сәйкес, қылмыстық қудалаудың алдын алу бөлімінің 3 тармағының талаптарын орындау мақсатында, сонымен қатар Түркістан облысының Дін істері жөніндегі басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Асхат Өмірзақұлы Дүйсеннің арнайы шақырылуымен ұйымдастырылды.


Сұхбат барысында Қазақстан Республикасында тиым салынған теріс діни ағымдар туралы мәліметтер мен олар адамдарды қалай арбайтыны мен оларға қарсы қалай жұмыс жасайтыны туралы айтып өтті.


Сонымен қатар, Асхат Өмірзақұлы, «Хиджап, паранжа, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою» мәселелерін түсіндіріп, дүние жүзінде діндердің таралуы бойынша біраз мәліметтер беріп, бүгінгі қоғамда, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейгеніне тоқталды.


«Ол ағымдардың басты мақсаты дін мен дәстүрдің сабақтастығын, сонымен қатар осының негізінде қалыптасқан дәстүрлі рухани құндылықтарды жою. Тағы бір бағдар ретінде, радикалды идеология өкілдері мемлекеттің зайырлы принциптері мен қағидаларына деген қоғамның теріс көзқарасын тудыру болады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, 18 діни конфессияның 3808 діни бірлестігі жұмыс істейді», - дейді облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Асхат Өмірзақұлы Дүйсен.