270 төсек орынмен қамтылып, үлкен көлемдегі келушілерді қабылдауға дайын.
Түлкібастағы аудандық аурухана ғимараты күрделі жөндеуден өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Түлкібас аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өткізілді. Аталған ғимараттың ішкі және сырты әрлеу жұмыстарымен қатар есік, терезелері ауыстырылып, жылу жүйесі толығымен жаңартылып жатыр.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалынды. Мұнан бөлек орталық аурухананың неврология, перзентхана және генекология бөлімдерінің ғимаратын жыл соңына дейін толығымен күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігіне пайдалануға беру көзделген. Аудандық аурухана 270 төсек орынмен қамтылып, үлкен көлемдегі келушілерді қабылдауға дайын.
Сондай-ақ, орталық аурухананың басты түйіткілді мәселесі – ауыз су құбырларының ескіру де назардан тыс қалмады. Бұл мәселені шешу мақсатында аурухана аумағындағы барлық ескірген құбырлар жаңартылып, ауыз су жаңа жүйеге қосылып отыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта әлем бойынша таралып, елдің есін шығарған коронавирустың болуы мүмкін екінші толқынына Түркістан облысы да қызу дайындық жүргізіп жатыр.