ТҮРКІСТАН: Ауылдарды жалғайтын маңызды жолдар жөнделіп жатыр

0
1 870

Төменгі қабатына тас төсеу жұмыстары толығымен аяқталған.


ТҮРКІСТАН: Ауылдарды жалғайтын маңызды жолдар жөнделіп жатыр

Түлкібас ауданының бірнеше ауылына қарасты маңызды автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, аудандағы Мичурин ауылдық округіне қарасты «Көксағыз-Майтөбе-Қожамберді» бағытындағы аудандық маңызы бар жолдың күрделі және Таусағыз, Аубакиров, Көксағыз, Бірлік, Майтөбе ауылдарына қарасты Панфилов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары қарқынды іске асуда.

Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 2 шақырымды құрайтын Бірлік пен Панфилов көшесінің орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, ел игілігіне беріліп отыр. Ал, аудандық маңызы бар «Көксағыз-Майтөбе-Қожамберді» бағытындағы жолдың күрделі жөндеу жұмыстарының 35 пайызы аяқталса, Таусағыз ауылына қарасты Аубакиров көшесіндегі жөндеу жұмыстарының орындалуы 40 пайызға жеткен. Айта кету керек, елді мекен шегіндегі тұрғындардың тиімділігі үшін «Көксағыз-Майтөбе-Қожамберді» бағытындағы жолдың жиегіне бордюр қойылып, аяқжол төселеді.

Соңғы кездері түлкібастық ауылдардың ішкі көшелері мен аудандық маңызы бар жолдары кезең-кезеңімен жөнделіп, ауданның көркін одан сайын аша түсуде.