ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша рейд жүргізіледі

0
618

Соңғы екі айда баға динамикасы 0,5 пайызға төмендеген.


ТҮРКІСТАН: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша рейд жүргізіледі

Өмірзақ Шөкеевтің төрағалымен өткен аппарат отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өсуінің алдын алу шаралары мен тұрақтандыру туралы баяндалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалымен өткен аппарат отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өсуінің алдын алу шаралары мен тұрақтандыру туралы баяндалды. Соңғы екі айда баға динамикасы 0,5 пайызға төмендеген. Маңызды мәселе облыс басшысының тікелей бақылауында. Бағаны тұрақтандыру мақсатында жақын күндері барлық базарларда рейдтік, мониторингтік іс-шара жұмыстары күшейтіледі. Сауда үстемелерін 10%-нан жоғары көтеруге жол бермеу бойынша және келген тауарлардың заңдылығын тексеру жұмыстары жүргізіледі.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында, ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен облыс көлемінде 1098 меморандум түзілген.


Аппарат отырысында Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы Нұрбахыт Иманкуловтың мәәлімдеуінше, облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Айналым схемасы» шеңберінде жалпы 570 млн.теңге таратылған. Оның ішінде «Magnum Cash&Carry» ЖШС, «Али Сауда» ЖШС, «Ғажайып-П» мекемелеріне қарыз берілді. Аталған сауда орындары тауарларды нарықтағы бағадан 10-15 %-ға төмен бағамен сатуда. Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында құны 573,7 млн.теңгенің 5865,2 тонна азық-түлік тауарлары (ұн, күріш, рожки, қартоп, пияз, сәбіз, тұз, құнбағыс майы) бар.


Сондай-ақ басқосуда диқандардың өз өнімдерін арадағы делдалдар арқылы тым арзан бағамен сататыны жайлы айтылды. Ал сатып алушылар азық-түлік бағасын жасанды көтеруде. Осыған орай, Түркістан қаласында бой көтерген көтерме тарату орталығы Эко-базар бағаны тұрақтандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Жаңа сауда орталығы Түркістан облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандырудың пәрменді тетігі болып, көтерме-сату орталығының қызметін атқарды.


Түркістан қаласында 13 әлеуметтік дүкендер бар. Тамыз айынан бастап облыс орталығының бес сауда орындарында әлеуметтік бұрыштар ашылып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар белгіленген бағада нарықтағы бағадан төмен сатылуда. Облыс әкімдігі тарапынан ӘМАТ шекті бөлшек сауда бағаларына негізсіз өсірмеу үшін сауда бағалары бойынша заңнама талаптарын бұзуды жою жөнінде Түркістан қаласындағы сауда орындарына 45 нұсқама беріліп, қазіргі таңда 3 субъектілерге айыппұл салынды. Жұмыстар жалғасуда.