ТҮРКІСТАН: "Балдаурен-2019" байқауы өтті

0
3 158

Түркістан қаласында өткен ​"Балдаурен-2019"​ байқауында жасөспірімдер мен балалар жас айырмашылығына қарай екі топқа бөлініп, өзара кім мықтыны анықтады.


ТҮРКІСТАН:

"Балдаурен-2019" Байқауының талаптарынай сәйкес, Түркістан облысының аудан, қалаларында өткен аймақаралық іріктеуге 605 үміткер қатысып, 60 өнерпаз бүлдіршін артық сынға жолдама алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жас өнерпаздар екі топ бойынша өнер көрсетіп бақ сынады. Кіші топта 7-11 жас аралығында болса, үлкен топта 12-15 жастағы үміткерлер қатысты. Байқаудың ашылу салтанатында Мәдениет және тілдерді дамыту басқарма басшысының бірінші орынбасары Асылан Темірхан байқауының тарихына тоқталып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Жас әншілер бірінші кезеңде отандық сазгерлердің патриоттық әндерін шырқап, көрерменге еркеше рух сыйлады. Жасөспірім ән байқауының қатысушылары бірінші топқа қарағанда тәжірибесі де, ынтасы мол екендігін көрсетті. Конкурстық әндерді нақышына келтіре шырқап, қазылар алқасының ықыласына бөленді. Түлкібас ауданының намысын қорғауға келген Дінмұхаммед Нысан "Жерім менің" әнін шырқап зор қошеметке бөленді.

"Ұлым үлкен сахнаға бірінші рет шығып тұр. Бес жылдан бері музыкалық мектепте оқиды. Ең алғаш рет 3 жасында айтқан. Ән айту дарыны немересіне әжесі арқылы келген. Баламның бүгінгі өнеріне өз басым риза болып отырмын. Қобалжымай әнін айтып шықты. Алайда, біз шеткі ауылда тұрғандықтан, байқаулардан бейхабар болып қаламыз. Бүгін бақ сынаған жас жүргізушілердің бәрі жақсы. Әнші балапандардың дауысы,ынтасы бар,бірақ көбі дайындықсыз келгені көзге көрініп тұр"-, дейді кентаулық жас өнерпаздың анасы Гүлзира Қаржаубаева.

Сонымен, жас іс-шара жүргізушілер номинациясы бойынша бас жүлде Ыбырай Күлбай (Төлеби ауданы) иегері атанды. Екінші орынды Мақтааралдық Ғалым Медетбаев пен Отырар сұлуы Аяулым Жақсыбек иемденді. Түлкібастық қатысушы Ару Спабек пен Түркістан намысын қорғаған Қази Имомоддин үшінші орыннан көрінді.

Әншілер байқауының бірінші тобынан суырылып шығып, бас жүлдеге ие болған Әділет Смаил (Түркістан қаласы). Төлебилік Ғаламат Халық әсем әнімен бірінші орынды қанжығаласа, екінші орынды Сарыағаш ауданынан келген Шынар Қалықұлова мен Түркістан қаласының өнерпазы Шадияр Құрманбек місе тұтты. Созақ сұлуы Диана Бердібек пен Жетісайлық жезтаңдай әнші Нұрсәуле Үсенбекова үшінді орыннан көрінді.

Ал, әншілер байқауының ересектер тобынан бас жүлдеге Сайрам ауданының жас әншісі Данияр Сейдуалы ие болды. Бірінші орынның тұғырынан Азамат Қарабек (Түркістан қаласы) көрінді. Екінші орынды Түлкібас тарланы Нысан Дінмұхаммед мен Нұрасыл Сатыбалды (Кентау қаласы) қанжығаларына байлады. Мақтааралдық Мақсат Әлихан үшінші орынға ие болды. Нұрлыхан Қанымбек те Мақсатпен бірге үздік үштікті түйіндеді.