ТҮРКІСТАН: Биыл 30 мың абонент табиғи газбен қамтылады

0
1 085

Жалпы, құрылыс жұмыстары аяқталған аумақтарды қамтыған абонент саны - 22002.


ТҮРКІСТАН: Биыл 30 мың абонент табиғи газбен қамтылады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістанда табиғи газ құбырларын жүргізу жұмыстары кестеге сай жүруде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы ПГБ-1, яғни Шавгар мөлтек ауданы, С. Ерубаев көшесі, Теміржол вокзалы аумағы, Т. Бокин, С. Қожанов көшелері және т.б. аумақтарда маусым айында басталған газ құбырларын жүргізу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, ПГБ-4, яғни Қызылорда тасжолы бойындағы Яссы және Сауран мөлтек аудандары, Шипа су аумағы, Шәуілдір тасжолы бойы және т.б аумақтағы құрылыс жұмыстары мамыр айында басталып, осы жылдың қарашасында аяқталмақ.

Айта кетейік, қаламызда Бекзат, Ақмақта (Хлопзавод), Отырар, 1-2 мөлтек аудандар және ХҚТУ, Асанбай аумағы толығымен қатты отын түрінен көгілдір отынға толығымен ауысқан. Ал, Ортақ (№22 мектеп аумағы), Ыждыхат және Яссы аудандарының газ құбырлары құрылысы 15 маусымда аяқталады.

Жалпы, құрылыс жұмыстары аяқталған аумақтарды қамтыған абонент саны - 22002. Ал, осы жылы пайдалануға берілетін аумақтағы абонент саны - 30035. Бүгінде Түркістанның газбен қамтылу көрсеткіші 65 пайызды құрайды.