Кезекте тұрған азаматтарға 252 пәтер, несиемен 204 пәтер беріледі.
Түркістандық 500-ге жуық отбасы биыл қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде кезекте тұрған азаматтарға 252 пәтер, несиемен 204 пәтер беріледі. Түркістан қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің жағдайы туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, жыл соңына дейін 76 тұрғын үй жоспарға сәйкес, ай сайын қабылдаудан өткізіліп отырады.
Жалпы, әкімшілік-іскерлік орталығында 7, 9 және 12 қабатты жалпы 82 тұрғын үй (342,7 мың ш.м., 5353 пәтер) бюджет есебінен салынуда. Жыл басынан бері 7 қабатты 6 тұрғын үй қабылдаудан өткен. Қазіргі таңда тұрғын үйлерде 2,5 мыңға жуық жұмысшы жұмыс жүргізуде. Құрылыс алаңдарына қосымша жұмыс күшін тарту бойынша қажетті шаралар атқарылуы тиіс.