Түркістан облысына 6039 квота бөлінген.
Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге 1341 тұрғын көшкен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылдың 7 айында Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге 302 отбасы қоныс аударды. Яғни, отбасылар құрамында 1341 тұрғын Теріскейге көшіп, жаңа өмір бастады. Ал жалпы биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша Түркістан облысына 6039 квота бөлінген. Жыл соңына дейін бұл квоталар өз иелерін тауып, қоныс аударушылар саны артады деген сенім бар.
Түркістандықтардың басым бөлігі Павлодар облысын таңдаған. Бұл өңірге 205 отбасы (972 адам) немесе көшушілердің 67,9 пайызы қазық қаққан. Солтүстік Қазақстан облысына 69 отбасы (272 адам), Қостанай облысына 16 отбасы (74 адам), ал, Шығыс Қазақстан облысына 12 отбасы (23 адам) көшкен. Жалпы республикада көлемінде қоныс аударушылар саны бойынша Түркістан облысының үлесі 30 пайызды құрап отыр. Солтүстікке қоныс аудару бойынша Сайрам (150 адам), Сарыағаш (142 адам), Жетісай (118 адам), Мақтаарал (115 адам), Шардара (104 адам) мен Арыс (108 адам) қаласы көш бастап тұр.