Жинақталған іс-құжаттар тиісті уәкілетті органға жолданған.
Түлкібас ауданында мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облсы Түлкібас аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы №28 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі жанынан құрылған 2 мобильдік топ құрылған. Аталған топтың мүшелері, сонымен қатар аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104 бұйрығына (11.07.2020 ж. берілген өзгерістермен) сәйкес, Түлкібас ауданы Майлыкент және Мичурин ауылдық округтері аумағында орналасқан дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша мониторинг және түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мониторинг барысында, Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №257 орналасқан «Нұркелді» және Мичурин ауылдық округі, Майтөбе ауылы, Бейбітшілік көшесі №11в орналасқан «Исмайл» ЖШС-і дәріханаларында дәрінің қымбат сатылғаны анықталған. Жағдай Түлкібас аудандық полиция бөліміне тіркеліп, жинақталған іс-құжаттар тиісті уәкілетті органға жолданған.