Өрт шарпыған аумақ көлемі 288 шаршы метрді құрайды.
Сайрамдағы жиһаз цехынан өрт шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
8 қыркүйек күні сағат 05:30-да Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылдық округіне қарасты Манкент елді мекенінде орналасқан жиһаз цехы аумағында өрт шықты. Екі қабатты бөлек тұрған ғимараттың бірінші қабатындағы ағаш қалдықтарынан өрт шығып, екінші қабатының шатырына өткен өрт шарпыған аумақ көлемі 288 шаршы метрді құрайды.
Өрт сағат 05:59-да оқшауланып, 07:01-де өрт толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД-дан 14 қызметкер және 4 техника, полиция департаментінен 2 қызметкер және 1 техника жұмылдырылған.