ТҮРКІСТАН: Фирдоуси ауылын қалпына келтіру қарқынды жүріп жатыр

0
912

19 үйдің шатыры жабылған.


ТҮРКІСТАН: Фирдоуси ауылын қалпына келтіру қарқынды жүріп жатыр

Мақтааралдағы су басқан Фирдоуси ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басқан Фирдоуси ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Елді мекенде 302 үй 17 миллион теңге өтемақыны алу үшін келісім-шартқа тұрған.

Келісім-шартқа тұрған үйдің барлығына 1 транш бойынша 17 миллион теңгенің 50%-ы аударылып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жаппай жүріп жатыр. Сондай-ақ, 2 транш бойынша 2 үйге жоғарыда аталған қаржының 25%-ы аударылған.

Қазіргі таңда 266 үйдің іргетасы қаланып, 138 үйдің қабырғасы өрілуде. Сонымен қатар, 19 үйдің шатыры жабылған.

Бұдан бөлек, 36 үйдің құрылыс алаңы дайындалып, құрылыс жұмыстарын бастау үшін ретке келтірілген. Осы уақытқа дейін ауылда 314 үйге бұзу жұмыстары жасалған.

Жалпы Фирдоусиде 1093 құрылысшы 24 ұжымға бірігіп, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Бұған дейін Өзбекстан Республикасы тарапынан фирдоусилықтарға үйлерді бұзу үшін арнайы техниклар көмек берген болатын.

Айта кетейік, Фирдауси ауылы 1981 жылы құрылған. Елді мекеннің жер көлемі 1357 гектарды, оның ішінде егістік жердің көлемі 1279 гектарды құрайды. 2377 тұрғын тұрады. Ауылда 1 мектеп, 1 балабақша, 1 медицина пункті бар. Сонымен қатар, 182 шаруа қожалығы, 2 мал бордақылау алаңы, 2 сауда нүктесі,1 мақта түту цехы мен 1 диірмен жұмыс істейді.