ТҮРКІСТАН: Инфекция жұқтырған азамат Сарыағаш ауданындағы ата-анасының үйіне келген

0
926

Облыста жалпы 79 науқас тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Инфекция жұқтырған азамат Сарыағаш ауданындағы ата-анасының үйіне келген

24 сәуір күнгі ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 4 науқас тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алматы облысы, Қапшағай қаласының 1974 ж. тұрғыны Қызылорда қаласында жұмыс істеген. Сарыағаш ауданындағы ата-анасына 15 сәуір күні келген.

Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылдық округі, Ақжар ауылының 1962 ж. тұрғыны, Сарыағаш ауданы, Жарты-төбе ауылдық округі, Ынтымақ ауылының 1982 ж. тұрғыны, Сарыағаш ауданы, Жарты-төбе ауылдық округі, Құрама ауылының 1968 ж. тұрғынынан вирус расталды.

Аталған азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жақын байланыста болған. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған).

Арыс ауданында - 17, Кентауда - 6, Мақтаралда - 4, Ордабасы - 5, Сайрамда - 3, Сарыағаш ауданында - 8, Түркістан қаласы - 6, Созақ ауданы – 5, Бәйдібек ауданы -2, Қазығұрт ауданында 3 науқастан анықталды.

Облыста жалпы 79 науқас тіркелген.