Аталған автобекеттерден шыққан қоғамдық көліктер кері қайтарылып жатыр.
Түркістанда заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы құзырлы органдармен бірге рейд өтіп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, Түркістан қаласындағы «Түркістан орталық» (Тәуке хан даңғылы, н/з), «Алтын Орда» (Тәуке хан даңғылы, №18) және «Мерей» автобекеттерінің (Ататүрік көшесі, н/з) қызметтері тоқтатылған.
Қазіргі таңда жолаушылар үшін Түркістан қаласы бойынша қаланың Шымкент бағытында жаңа «Түркістан» автовокзалы (Ынтымақ е/м маңы), Қызылорда бағытында «Алтын Бұлақ» (Қызылорда тас жолы) және «Яссы» (Қызылорда тас жолы) автовокзалдары жұмыс істеп тұр.
Айта кетейік, заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы құзырлы органдармен бірге өткізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар барысында аталған автобекеттерден шыққан қоғамдық көліктер кері қайтарылып жатыр.