​Түркістан қаласындағы заңсыздықтар анықталды

0
1 625

ОҚО Кәсіпкерлер палатасында жер қатынастары саласында туындаған әкімшілік кедергілер жайында мәселелер қаралды.


​Түркістан қаласындағы заңсыздықтар анықталды

ERNUR.KZ. ОҚО Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңесте жер қатынастары саласында туындаған әкімшілік кедергілер жайында мәселелер қаралды. Жиында түркістандық кәсіпкер М. Жұмашевтың мәсесі қаралды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазіргі кезде ОҚО Кәсіпкерлер палатасына 230 өтініш келген. Олардың 25 пайызы (57 өтініш) жер қатынастары саласы бойынша. Жеке кәсіпкер Мұса Жұмашев 2011 жылы Түркістандағы базар құрылысын инвестициалау жөнінде шешім қабылдап, осы қала әкімшілігінің жер қатынастары бөлімімен инвестициалық келісім жасайды. 2,228 гектар жер телімін сатып алып, 4 млн. теңгеден астам қаражат төлеген. Кәсіпкер барлық құқықты құжаттарын қолға алып, жер теліміне базар салуға кіріскен – инфрақұрылым жүргізген (электр, су және кәріз, кеңсе, 3 асхана, санузел). Нысан мемлекеттік қабылдаудан өтіп, тіркелген. 2016 жылы кәсіпкердің жер учаскесі заңсыз болып табылады. ОҚО мамандандырылғанауданаралық соты жер учаскелерін сату-сатып алу келісімдерін және жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу туралы Түркістан әкімдігінің шешімдерін жарамсыз деп тапқан. Сонымен қатар «Қарабұра мәдени орталығы» ЖШС-не тиесілі жер учаскесінде құқығы жоқ басқа нысандар салынған. 2007 жылы мемориалды мұражай салу үшін серіктестікке Түркістан қаласынан 0,1800 гектар жер учаскесі берілген. 2018 жылдың басында жоспарланған құүрылысты бастауды ойлаған кәсіпкер оның орнында Өнер мектебінің ғимараты түрғандығын көрген. 2013 жылы Түркістан қаласы әкімдігі бұл жер учаскесін мемлекет қажеттіліктері үшін тәркілепті. Кәсіпкер бұл жөнінде хабарлама да, өтемақы да алмаған.

Жиында ОҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайластыққа қарсы қимыл

Кеңесінің мүшесі Қайрат Акенов және ОҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайластыққа қарсы қимыл Кеңесінің төрағасы Мелес Сейітжановосы мәселелерді көптің талқысына салды. Халық қалаулысы Өмірзақ Мелдеханов қойылған сұрақтарға нақты жауап беруді Түркістан қаласы әкімдігі мен жер қатынастары бөлімінің өкілдерінен талап етті. Аталмыш әкімдіктің өкілдері сұрақтарға жауап бере алмай қатты қиналды. Олар нақты дайындалып келуге 10 күн мерзім сұрады. Оларға аталмыш мәселелерді шешуге 10 күн уақыт берілді