ТҮРКІСТАН: Кандидат Салтанат Тұрсынбекова кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

0
463

Жан-жақты сауалдарға жауап беріп, мамандармен тілдесті.


ТҮРКІСТАН: Кандидат Салтанат Тұрсынбекова кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

Салтанат Тұрсынбекова Түркістан облысында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Түркістан облысында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткер өңірдегі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кентау трансформаторлық зауытының қызметкерлерімен кездескен ол еңбек адамдары, олардың қоғамдағы орны жайлы сөз қозғады. Кандидат қатысушылардың жан-жақты сауалдарына жауап беріп, мамандармен тілдесті.


Сонымен қатар, кандидат оңалту орталығына да барып, ондағы азаматтармен жүздесті.


«Өте керемет бір сұқбат өткіздік осы жерде, пікір алмастық. Бұлардың мен өзім тәнті қалып отырғаным - осындай жағдайға душар болған жандар, соншалықты мінездері қайратты, іштерінен жігерлі, сенімдері мықты өмірге деген. Кейде сау адамның соншалықты құлшынып, өмірге деген үмітін, мақсатын байқамайсың», - деді кандидат кездесуде.