ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік саласының өкілдері Өзбекстанда тәжірибе алмасып жатыр

0
640

Сазан балығы өндірісі және тағы да басқа кәсіпорындардың мамандарымен пікір алмасты.


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік саласының өкілдері Өзбекстанда тәжірибе алмасып жатыр

Түркістан облысындағы кәсіпкерлік саласының өкілдері Өзбекстанда тәжірибе алмасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Әбдіразақова, «TURKISTAN INVEST «РАПИРЭ» ЖШС-нің бөлім басшысы Ержан Талип және бас менеджер Қазыбек Сейдазым Өзбекстан Республикасының экономикасының өсуінің жаңа нүктелерін зерделеу мақсатында қызметтік іссапармен барды. Делегацияның жұмысы Ташкент қаласынан басталып, Хорезм, Самарқанд, Жиззах, Наманган және Ферғана облыстарында жалғасын тапты.


Мақта кластері бағыты бойынша «Art Sof Tex», «Global Textile», «Zarafshon», «WBM Qoshqopir Clasteri», және «SAG» компанияларында болып, жұмыс тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ «Uzipaksanoat», «Yodiglar», және жібек кокондарын өндіру жөніндегі ШОБ табан тіреді.


Жабдықтар шығаратын «MEXMASH», тыңайтқышқа арналған «IFODA», «XCMG» ауыр техника өндірісі зауыттары, «GOLDEN FISH» сазан балығы өндірісі және тағы да басқа кәсіпорындардың мамандарымен пікір алмасты.


Кездесулер аясында Өзбекстан Республикасының тәжірибесі бойынша мақта кластері мен жібек кластерін құру тұжырымдамасы мен жұмыс принциптері әзірленді. ШОБ-ты дамыту жөнінде жинақтаған ақпаратпен жергілікті халықты оқыту мүмкіндіктері алдын ала келісілді.


Сапар барысында Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен өңірлердің бизнес және әкімдік өкілдеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Келіссөздер нәтижесінде Түркістан өңіріне инвестиция салу мүмкіндігіне бірнеше кәсіпкердің қызығушылығы пайда болып, зум-конференциялар ұйымдастырылды. Енді облысқа өзбекстандық делегациялардың сапарлары күтілуде.