ТҮРКІСТАН: Қасқасудағы көпiрлердiң құрылысы басталды

0
741

13 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын көпірлерді шайып кеткен.


ТҮРКІСТАН: Қасқасудағы көпiрлердiң құрылысы басталды

Төлебиде бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төлеби ауданы аумағында 13 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Жоғарғы Қасқасу елді мекені Қасқасу өзенінде орналасқан 4 көпірді су шайып кеткен болатын. Тынымсыз еңбектің арқасында тұрғындар мен көлік қозғалысы үшін уақытша көпірлер орнатылып, ауылдардың байланысы жедел түрде қалпына келтірілді. Қуантарлығы, бүгінгі таңда негізгі көпірлердің құрылысы басталып, іргетасы қалана бастады. Осы ретте аудан әкімі Бауыржан Омарбеков елді мекенге барып, құрылыс жұмыстары барысымен танысты. Аудан басшысы өз кезегінде мердігер мекемеге көпірлер құрылысының сапалы жүргізілуін тапсырды.

Содан соң, аудан басшысы Тасарық елді мекенінің М.Әуезов көшесіндегі шілде айында аяқтауды жоспарлаған 2,6 шақырымға аяқ жол салу жұмыстарын бақылап, жеке кәсіпкер Танабаев Сабыржанның 20 гектар жүзім бауында болды. Кәсіпкер 2019 жылы 10 гектар жеріне жүзімнің жоғары сұрыпты көшеттерін отырғызған. 2020 жылы осы отырғызылған көшеттерге тіреуіш бағаналар орнатып, жүзімдерді асып қою технологияларын жүргізуде. Аталған жүзім бауда жылына гектарынан 3,0-3,5 тонна өнім жиналады. Қазіргі уақытта жүзімбақта жалпы 20 жергілікті азамат тұрақты жұмысқа тартылған. Ал, маусымдық жұмыстарға 60-80 адам тарту көзделуде.