ТҮРКІСТАН: Қауіпті аймақтардағы сақтық шаралары күшейтілді

0
974

Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: Қауіпті аймақтардағы сақтық шаралары күшейтілді

Арыс өзенінің бойындағы қауіпті аймақтар күшейтілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданын теңдей екіге бөліп тұрған Арыс өзені біршама елді мекендерді кесіп өтеді. Осы орайда көктемгі және күзгі толассыз жауған жауын-шашын әсерінен өзен арнасындаүы су деңгейі біршама көтерілетіні айтпасада белгілі. Сондықтан, «Қыс қамын жаз ойла»-демекші, осы ретте аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен мамандардың болжамына сәйкес алдағы уақытта қауіп тудыруы мүмкін деген Майлыкент ауылдық округіне қарасты өзен арнасының 320 метр аумағына күшейту жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, бұл жұмыстар төтенше жағдайға қарсы қызмет ететін мекеме қаржысының есебінен атқарылған. Сондай-ақ, алдағы күндері бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады. Яғни, арнайы мамандар өзен арнасын толық зерттеп, қауіпті деген аумақтар толығымен күшейтілетін болады.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың көктем мезгілінде Арыс өзені бойындағы біршама қауіпті деп саналатын аймақтар аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен реттелген болатын.