​ТҮРКІСТАН: Қауіпті індеттен жазылғандар саны 52-ге жетті

0
816

Сарыағаш пен Сайрам аудандарының азаматтары коронавирустан айығып шықты.


​ТҮРКІСТАН: Қауіпті індеттен жазылғандар саны 52-ге жетті

4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында 3 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста індеттен айыққандар саны 52-ге жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш ауданының 1974 ж. 16 сәуірде Ресей Федерациясынан келген. 17 сәуір күні дәрігерлер бақылауына алынған. Талдама қорытындылары оның COVID-19 инфекциясына шалдыққанын анықтаған.

Сондай-ақ 1994 ж. туған Сарыағаш ауданының азаматы да ауруханаға КВИ инфекциясының расталған жағдайымен 17 сәуір күні түскен. Ол 16 сәуір күні Павлодар-Сарыағаш бағытында жүк көлігімен келген.

Сайрам ауданы, Көлкент ауылының 1992 ж. тұрғыны да КВИ расталған жағдай диагнозымен 16 сәуір күні ауруханаға түскен. 2 мамырдағы талдама қорытындысы теріс нәтижес көрсетіп, оның COVID-19 инфекциясынан жазылғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясынан жалпы саны 52 адам жазылды.