ТҮРКІСТАН: Келес ауданына тартылған инвестиция көлемі артты

0
678

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 млрд. теңгеге өскен.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданына тартылған инвестиция көлемі артты

Келес ауданында өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі 499,7 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданында өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі 499,7 млн. теңгені құрады. 2021 жылы өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемін 400,0 млн. теңгеге жеткізу жоспарланып, меже өткен жылдың 11 айында артығымен орындалған. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2021 жылдың 11 айында 10 064,3 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,5%-ға орындалған.


Ауданға барлығы 7,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 млрд. теңгеге өскен. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 0,7 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 1,6 млрд. теңге, меншік қаражат есебінен 2,5 млрд. теңге және басқа да қарыз қаражат есебінен 0,1 млрд. теңгені құрады.


Тартылған инвестиция ауданның әлеуметтік-экономикасына қарқын беріп, тұрғындардың жұмыспен қамтуына мүмкіндік ашты. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 1527 азамат, оның ішінде, әлеуметтік жұмыс орындарына 216 азамат, жастар практикасына 331 азамат, ақылы қоғамдық жұмыстарға 660 азамат және алғашқы жұмыс орындарына 15 тұрғын жолданған.