ТҮРКІСТАН: Келес ауданының жолдары жаңарып жатыр

0
1 174

13 шақырымнан аса жол асфальтталады.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданының жолдары жаңарып жатыр

Келес ауданындағы автокөлік жолдары жаңарып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданындағы шағын ауылдар көркейіп келеді. Солардың бірі – Жолбасшы ауылы. Мұндағы тұрғын саны жыл сайын артуда. Биыл ауылдағы жолдар жаңартылып, жөнделіп жатыр. Атап айтсақ, Жолбасшы ауылындағы 4 көше «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңарады. Олар Үштөбе, Ақбұлақ, Наркескен және Бәйтерек көшелері. Көшелердің жалпы ұзындығы – 9 шақырымды құрайды. Қазірде төрт көшеге шағал тастап, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Жақын күндері асфальт төселеді. Ал, Біртілек ауылдық округінде биыл жалпы ұзындығы 13 шақырымнан аса жол асфальтталады.


«Жол мәселесімен қоса елді мекенді газдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Көрші Сарыағаш ауданының аумағында орналасқан Таскескен АГРС-нің құрылыс жұмыстары аяқталып, таяуда тапсырылысқа берілді. Бұл ауыл сол АГРС-тен газ алады. Бүгінгі таңда ауыл ішіндегі газ құбырларында ахаулар анықталған. Анықталған кемшілікті жою бағытында жұмыстар атқарылуда. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп біткен соң, ауыл халқы көгілдір отынға қол жеткізетін болады», – дейді Біртілек ауылдық округі әкімдігінің инфрақұрылым маманы Мұхамедәлі Әзімбаев.