ТҮРКІСТАН: Келесте бірнеше ғимарат пайдалануға беріледі

0
568

Мекемелер енді жалға алынған ғимаратта отырмайды.


ТҮРКІСТАН: Келесте бірнеше ғимарат пайдалануға беріледі

Келес ауданында бірнеше ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданы 2018 жылы қайта құрылған соң ауданда мемлекеттік мекемелер құрылып, ғимарат мәселесі күн тәртібіне қойылған болатын. Себебі, сол кезде аудан әкімдігіне қарасты бірнеше мекеме жалға алынған ғимаратқа орналасқан. Бұл жағдай тиісінше аудан бюджетіне қосымша шығын болып келген.


Аталған мәселені шешу мақсатында 2021 жылдың басында аудан бюджетінен қаржы қаралып, 3 мекеменің құрылысы басталды. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақындап, жыл соңына дейін пайдаланылуға берілмек. Нәтижесінде жалға алынған ғимаратта орналасқан мекемелер жаңа нысанға көшеді. Оның ішінде Абай ауылы әкімі аппараты мен біріктірілген 4 дербес бөлім және ақсақалдар алқасы бар.


Осы орайда бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті сала басшыларымен бірге аталған ғимараттардағы жұмыстарды бақылап, мекемелердің орналасуы бойынша тиісті тапсырмалар берді.