ТҮРКІСТАН: Келесте үш мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

0
583

12 мектептің жобалық-сметалық құжаттары облыстық құрылыс басқармасына ұсынылған.


ТҮРКІСТАН: Келесте үш мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

Келес ауданында үш мектеп және аудан әкімдігінің ғимаратын қайта құру құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Оның ішінде бір мектеп 2021 жылдың желтоқсан айында, ал аудан әкімдігінің ғимараты қараша айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Юсупов мәлімдеді.


Бөлім басшысының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бойынша аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстарға бағытталған барлық бюджеттік бағдарламалар жабылуына байланысты, құрылыс нысандарына және жобалық сметалық құжаттамаларды әзірлеуге қаржыландыру көзі облыстық құрылыс басқармасының құзыретіне өткен. Сол себептен бүгінгі таңда 12 білім, 8 мәдениет, 1 спорт нысандарына әзірленген жобалық-сметалық құжаттар облыстық құрылыс басқармасына ұсынылды.


Жалпы, ауданда құрылыс жүріп жатқан мектептерге тоқталар болсақ, Қошқарата ауылдық округі, Жамбыл елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілсе, Ақтөбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніндегі 300 орындық М.Горький атындағы орта мектеп құрылысы 2022 жылдың қыркүйек айында аяқталмақ.


Сондай-ақ, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2021 жылы шілде айында Ошақты ауылдық округі, Ошақты елді мекені №46 Абай атындағы жалпы орта мектепте қосымша 300 орындық оқу корпусы, асхана, спорт зал құрылысы басталған. Нысан 2022 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі.