ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғын жәрдемақының көмегімен дүкен ашты

0
1 377

Келестік азамат атаулы әлеуметтік көмек​тің шарапатын көріп отыр.


ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғын жәрдемақының көмегімен дүкен ашты

Келес ауданының тұрғыны мемлекет тарапынан төлген атаулы әлеуметтік көмектің қаржысына отбасының әл-ауқатын көтеу үшін кәсіп ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны Бекназаров Берик атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасына қатысуға өтініш білдірген. Өтініш білдіргенге дейін отбасының жиындық табысы 37 005 теңгені құраған.

Жеті баланың әкесі Бекназаров Берик «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасымен Біртілек ауыл округі «Нурмухамедов Б.А.» шаруа қожалығына тұрақты жұмыс орнына жолданып, отбасына 1083276 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек тағайындалынған болатын. Жеке қосалқы шаруашылығын дамыту мақсатында, шартты ақшалай көмектің бір жолғы төлеміне өтініш білдіріп, 541638 теңгеге 10 қозылы қой алып, қазір кішігірім мал шаруашылығын әрі қарай дамыту үстінде. Қосымша жалға дүкен орын алып, азық- түлік дүкенін ашты.

Бүгінгі таңда Бекназаровтар әулетінің отанасы "Алтын алқа" иегері, кішкентай баласын ауылдағы балабақшаға беріп, аталған дүкен саудасын жүргізуді қолға алған. АӘК бағдарламасына қатысып отбасының көптен армандаған өз кәсібін жүргізуге қол жеткізіп, табысы ұлғайды. Алдағы жоспары мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін пайдалана отырып, келісім шарт уақыты аяқталған соң, атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасына қатысуға өтініш білдіріп, жасап жатқан кәсіптерін ұлғайтуды көздеп отыр.