Түркістан-Кентау автомобиль жолын жөндеу мәресіне жақындап қалды

0
670

Жолға асфальтбетон жамылғысы толық төселген.


Түркістан-Кентау автомобиль жолын жөндеу мәресіне жақындап қалды

Түркістан-Кентау автомобиль жолын жөндеу жұмыстары 95 пайызға аяқталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Түркістан және Кентау қалаларын жалғайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Ақ-Жол» ЖШС-і. Түркістан қаласы мен Кентау аралығындағы жолдың жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайды, қазіргі таңда оның 19 шақырымы жөндеуден өтуде.

Бүгін жалпы жөндеу жұмыстары 95%-ға аяқталып, жолға асфальтбетон жамылғысы толық төселген.

Сондай-ақ, елді мекен аумақтарында аяқжол, жарықтандыру шамдары орнатылды. Бұл жұмыстармен қатар Түркістан қаласының аумағында веложолақ төселді.

Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері орнатылып, жолға таңбалау жұмыстары жүргізілді. Жаңартылған жол 2021 жылы толықтай пайдалануға берілетін болады.

Одан бөлек қазіргі уақытта Түркістан облысындағы туристік аймақ болып есептелетін Шардара ауданында 131 шақырым авткөлік жолы жөндеуден өткізіліп жатыр. Аталған жөндеу жұмыстары облыстағы сапалы жолдың ауқымын арттырып, туризмнің дамуына оң ықпалын тигізеді деп жоспарланып отыр.