ТҮРКІСТАН: Кентауда 8500 абонент жаңа ауыз су жүйесіне қосылды

0
1 030

100 шақырымнан астам жол жөндеуден өтті.


ТҮРКІСТАН: Кентауда 8500 абонент жаңа ауыз су жүйесіне қосылды

Кентау қаласында биыл 16,7 шақырымды құрайтын көше орташа жөндеуден өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кентау қаласында биыл 16,7 шақырымды құрайтын көше орташа жөндеуден өтті. Сонымен бірге, 12 ауылдық округтің 39 көшесінде 52,9 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бұдан өзге, мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында 2020-2025 жылдар аралығында 101,7 шақырымды құрайтын 142 көшеге орташа, күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ағымдағы жылы 12,7 шақырымды құрайтын 11 көшеге ағымдағы жөндеу және 11,8 шақырымдық 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселген.

Қаланы газдандыру ісі де жоспарға сай орындалуда. Хантағы ауылын газдандыру жұмыстары қараша айында, Үшқайық ауылдық округіндегі А.Үсенов (Теке), С.Қожанов, Нұртас, Жалаңтөс және Қарнақ, Бостандық (Құсшы ата), Байылдыр елді мекендерін газбен қамтамасыз ету жұмыстары қазан айында толығымен аяқталды. Сондай-ақ, Шаға, Шоқтас, Бершін төбе, Ойық, Ибата елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қала аумағындағы 150 көп қабатты тұрғын үйге жаңа ауыз су құбыры жүргізіліп, 8500 абонент жаңа ауыз су жүйесіне қосылды. Кентау қаласына қарасты жаңадан қосылған елді мекендердің жалпы абонент саны 12370. Шаға, Үшқайық, Жібек жолы, Ескі Сауран елді мекендерінде жаңадан салынған су құбырлары арқылы ауыз су берілуде.

Жалпы қала және қалаға қарасты ауылдарды қосқанда кентаулықтар ауыз сумен 93% қамтылған.