Сонымен қатар, аяқжол, веложол, арықшалар, көгалдандыру, ағаш егу, жарықшамдар мен су каналдары салынуда.
Түркістан қаласындағы бірегей жоба - "Керуен сарай" кешені аумағында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мұнда абаттандыру жұмыстары аясында 12 көшенің құрылысы жүруде. Атап айтқанда, Батырбеков, кіші Батырбеков, Әлқожа ата, Р. Сұлтанбегім, Тұтқабаев, Алшын, М. Әбенова, Шәймерденов және басқа көшелерде қазіргі таңда асфальт жабындысы төселіп жатыр. Сонымен қатар, аяқжол, веложол, арықшалар, көгалдандыру, ағаш егу, жарықшамдар мен су каналдары салынуда.
Қала әкімі Рашид Аюпов шаhарды аралау кезінде кешен аумағындағы көшелерде қоларбамен өтушілерге ыңғайлы жағдай жасау қажеттігін айтып, заңдылығына сәйкес жаяу жүргіншілер үшін өтпе жол (пешеход) жасауды тапсырды. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 100-ге жуық адам мен 10 техника жұмылдырылған.