ТҮРКІСТАН: Халықаралық теннис орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

0
671

Бұл орталық биыл пайдалануға беріледі.


ТҮРКІСТАН: Халықаралық теннис орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Биыл Түркістандағы теннис орталығы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы халықаралық теннис орталығының құрылысы қарқынды. Бұл орталық биыл пайдалануға беріледі. Аталған нысанмен танысқан облыс әкімі Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы қалалық саябақ пен жасанды көлдің құрылысын да көрді. Жасанды көлдің аумағы (56 000 м3) қазылып, тіреуіш қабырғалы жағалауы бетон құю жұмыстарына дайындалып жатыр. Бұл көл Түркістандағы тартымды демалыс орындарының бірі болады деген жоспар бар.


Өмірзақ Шөкев «Қылует» рухани орталығындағы жұмыстарды да саралады. Жер асты мешіті мен медресенің құрылысына атсалысып, сауапты іске үлес қосты. Бұл рухани орталықта болашақ дін ғұламалары ме қарилар даярланады.