ТҮРКІСТАН: Кіші арбатта күнделікті дәмді тағамдар сатылады

0
747

«Фудкорт маусымы» бастау алды.


ТҮРКІСТАН: Кіші арбатта күнделікті дәмді тағамдар сатылады

Түркістандағы кіші арбатта күн сайын дәмді тағамдар сатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


12 маусымнан бастап Түркістандағы Кіші арбатта «Фудкорт маусымы» бастау алды. Рашид Абатұлы кәсіпкерлердің бастамасына қолдау білдіріп, тағамдарынан дәм татты. Шаhар басшысы демалыс орнында дәмді әрі арзан бағада тағамдар сатылса келушілер де көп болатынын айтып, карантин талаптарының сақталуына да ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты.


Ертеректе қала әкімі әлеуметтік желі парақшалары арқылы тұрғындарға арбатта "Фудкорт маусымын" ашу бойынша ұсыныс білдірген болатын. Енді күнделікті кіші арбатта ұйымдастырылатын іс-шараға қатысушы фаст-фуд, сусындар мен балмұздақ және тағы басқа да тамақтарды халыққа ұсынамын деген кәсіпкерлер «Бизнесті қолдау және туризм бөлімі» арқылы өздерінің жобаларын ұсыну қажет.


Іс-шара барысында үздіксіз жұмыс атқарған, өз үлесін қосқан, Түркістан қаласының брендімен ұлттық тағамдардың үздік түрлерін ұсынған кәсіпкерге Рухани-мәдени орталықтан тұрақты сауда орыны ұсынылатын болады.


Сондай-ақ, Жолбарысхан көшесі балалар үшін атракциондар алаңы ретінде қызмет етеді. Өз жобасын ұсынуға ниетті кәсіпкерлер болса «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінен» ақпарат алуына болады.