Одан бөлек, қоқыс алаңшаларына қоршаулар қойылды.
Ленгір қаласында 64 қоқысқа арналған контейнер орнатылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Леңгір қаласында экологиялық тазалықты сақтау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда, қаладағы көпқабатты үйлердің аулаларына тұрмыстық қалдықтар үшін 64 қоқысқа арналған контейнерлер орнатылды. Сонымен қатар, 40 қоқыс алаңшаларына қоршаулар қойылды.
«Қазіргі таңда экологиялық тазалық бүкіл әлем күресіп жатқан күрмеулі мәселелердің бірі. Осы проблеманы шешу үшін әр елде, облыс, қала, аудандар мен ауылдарда тың бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Өйткені өзін қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету әр тұрғынның денсаулығы үшін өте маңызды, әрі адами парызы. Сол үрдіске біз де өз үлесімізді қосып, өзіміз үшін әрекет етіп жатырмыз. Тек бұл ғана емес, өзіміздің тұғылықты жердегі жасыл желекті молайту жұмыстары да жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бұл атқарылып жатқан жұмыстың бәрі де қала тұрғындары үшін. Қоршаған ортаны, табиғатты, қаламызды бірге таза ұстайық!», - делінген тұрғындарды тазалыққа шақырған Төлеби аудананың баспасөз хабарламасында.