ТҮРКІСТАН: Көлік кептелісі шешімін тауып келеді

0
820

Жақын арада жол құрылысы аяқталады.


ТҮРКІСТАН: Көлік кептелісі шешімін тауып келеді

Түркістан облысының әкімі өңірде жол құрылысы қарқын алатынын айтқан, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жыл басында облыс тұрғындарына берген есебінде Келес, Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарында жол құрылысы қарқын алатынын жеткізген болатын. Сонымен қатар, Келес ауданының әкімі А.Есбаевқа Абай ауылында орын алған кептелісті жою мақсатында аудан орталығына кіріп шығатын жанама жол салу тапсырмасын жүктеген еді.

Тапсырмаға сәйкес, Абай ауылындағы Т.Рысқұлов көшесін №13 колледж маңынан Республикалық А-15 трассасына байланыстыру жұмыстары жүргізілуде. Келес ауданынң әкімі Ақментай Үсенұлы аталған жол құрылысының барысын қарап, Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік басқармасы Жол техника бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Данабек Мырзабековпен Республикалық маңызды жолдан күре жолға бұрылу барысында көліктерге қолайлы жағдай жасау мәселесін көтерді. Маңызды жолға қосымша жолақ салу арқылы көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі және кептелісті туындатпау мақсатында жолдың бұрылыс аймағын екі жолаққа бөлу керектігі айтылды. Тиісті жұмыстарды атқаруға мамандарға тапсырма берілді.

Айта кетейік жол құрылысын «Іnternational Сonstruction» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан ағымдағы жылдың шілде айында басталып, таяу 10 күн ішінде жоғарыда айтылған тапсырмалар орындалған жағдайда, аяқталуы жоспарланған.

Сондай-ақ, тұрғындар, жөнделген кең жолда кешке қарай көліктердің жарысуы жиілеп, азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төніп жатқанын жеткізген-ді. Осы мәселе бойынша да, №13 колледж тұсы мен №7 мектеп маңына жылдамдықты төмендету төмпешіктері орнатылуы керектігі бойынша тиісті мамандарға аудан әкімі тарапынан тапсырма жүктелді.