Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Мақтааралда Конституция күні онлайн режимде өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған “Ата заң – айбарым!” атты салтанатты іс-шарасы тікелей эфир арқылы өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі онлайн режимде барша аудан тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады.
Ата Заң Тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі және елдегі қоғамдық-саяси жүйенің негізі, қоғамымыздағы тұрақтылықтың кепілі болып табылатындығына тоқталған аудан басшысы еліміздің жетістіктері - Ата Заңымыздың арқасы екендігін тілге тиек етті.
“Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Сондықтан, Ата Заңымыздың мерекесі аясында Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, бітпес бақ-дәулет тілеймін!” – деді Бақыт Насырханұлы.
Айта кетейік, мерекелік кештің соңы “Мақтаарал” мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.