ТҮРКІСТАН: Көпқабатты тұрғын үйлер қысқы маусымға толық дайын

0
667

Мазут отыны бойынша қажеттілік көлемі 9,6 мың тонна.


ТҮРКІСТАН: Көпқабатты тұрғын үйлер қысқы маусымға толық дайын

Түркістан облысындағы тұрғын үйлер жылыту маусымына дайын, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелердің, жылу беретін кәсіпорындардың және тұрғындардың тұрмыстық-шаруашылық жағдайлардағы көмір отынына жалпы қажеттілігі 1 003,3 мың тоннаны құраса, бүгінде соның 600,2 мың тоннасы немесе 60 пайызы тасымалданған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Әбілхан Әбдіқадыров мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2623 бюджеттік мекеме жылу маусымына толық дайындалып, оларға қажетті 167,4 мың тн. көмір отыны және 5 420,6 мың. литр сұйық отынмен толық қамтылған.

«Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерде жалпы 38 қазандық болса, бүгінгі күнде оның 32-сі жылыту маусымына толық дайын. Ал, қалған 6 қазандықтың күрделі жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылдың 15 қазанында аяқталады. Жалпы облыс бойынша 1475 көпқабатты тұрғын үй бар, оның 586-сы орталықтандырылған жылумен қамтамысыз етілген. Барлық үйлер 100 пайыз қысқы маусымға дайын»,– деді Әбілхан Әскерұлы.

Негізінен жалпы тұрғындардың көмірге деген қажеттілігі 732,2 мың тонна болса, соның 415 мың тоннасы тасымалданған. Теміржол станциясы қоймаларындағы 1 тонна көмір 11 500-16 500 теңге аралығында саудалануда.

Ал, мазут отыны бойынша қажеттілік көлемі 9,6 мың тонна. Бүгінде 15 қазаннан бастап тасымалдау жөнінде тасымалдаушы мекемелермен тиісті келісім - шарт жасалған.

Облыстың жылу беру дайындығына апта сайын және тұрғындарды көмір отынымен қамтамасыз ету бойынша күн сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.