ТҮРКІСТАН: Көзі нашар көретін балалар саны көбейіп жатыр

0
898

Мамандар бұл мәселенің себептерін айтты.


ТҮРКІСТАН: Көзі нашар көретін балалар саны көбейіп жатыр

Түркістан облысындағы оқушылар арасында көздері нашар көретін балалардың саны артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мектеп жасындағы оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілері арасында жылына 1 рет жүргізілетінмедициналық тексеру барысы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жіті бақылауында.


Өкінішке қарай, ата-аналардың көбібалаларыныңденсаулық жағдайының төмендеуін дер кезінде көңіл бөле бермейді. Ал, қоғамда дені сау ұрпақ тәрбиелеу, жас организмніңтолыққанды дамуына ықпал жасау – ата-аналар мен жауапты медицина қызметкерлерінің басты борышы. Тиісінше медициналық тексерулерден өткізудегі мақсат – бала бойындағы ауруларды ерте анықтап, дерттің өршуіне жол бермеу, даму тәуекелдерін бағалау арқылы физиологиялық дамуын жетілдіру.


Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балаларды, 18 жасқа дейінгіжасөспірімдерді скринингтік тексеруден өткізу өте маңызды процесс. 15-17 жас аралығындағықыз балалардыстоматология, гинекологиялық тексерулерден өткізу қажет болса, ұл балаларды хирург-ортопед, невролог, стоматолог, офтальмолог, эндокринолог, уролог, ЭКГ мамандарының тексерулерінен өткізукерек.


Осы орайда 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын скрининг бойынша медициналық тексерулер тегін жүргізілетінін айта кету қажет. Скринигтік тексерулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар адамдар немесе жекелеген асқынған аурулармен ауыратын адамдар диспансерлік есепке алынады.


Соңғы екі жылда Түркістан облысындағы оқушылар арасында көздері нашар көретін балалардың саны артқан. 2020 жылы жоғарғы сынып оқушылары арасында 1382,бастауыш сынып оқушылары арасында 1053бала тіркеуге алынса, 2021 жылы жоғарғы сынып оқушылары арасында 1713 бала тіркеліп,жағдай331–ге артқан. Ал, бастауыш сынып арасындағы жағдай 76-ға артып, 1129 оқушының көру қабілеттерінен ақау байқалған.


Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің айтуынша, аталған мәселеге ең алдымен гаджеттерді шамадантыс пайдалану, смартфонқолдану сындыфакторлар себеп болып отыр. Көру органдарының патологиясынан өзге, мектеп жасындағы балалар арасында сколиоз, яғни дене бітімін түзу қалыптастыру жұмыстарын жүргізу өзекті проблемаға айналған.


Соматикалық ауруларды азайту үшін білім беру мекемелерінде компьютерлік және мультимедиялық сыныптардағы электормагниттік сәулеленудің деңгейін азайту қажет. Сонымен бірге, оқу кабинеттерінде температура режимін қалыпты ұстау, жарықтандырудың нормативтерге сәйкес болуы, мектеп жиһаздарының оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ықшамдылығын қатаң қадағалап, ұйымдастыру керек.