ТҮРКІСТАН: Қызылкөл аумағында сенбілік ұйымдастырылды

0
301

Қызылкөл маңы мен көлге апарар жол бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.


ТҮРКІСТАН: Қызылкөл аумағында сенбілік ұйымдастырылды

Қызылкөл көлінің аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Қызылкөл көлінің аумағында «Жастар Таза Қазақстан үшін!» және «Қоршаған ортаны қорғайық!» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.


Игі шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығының мүшелері, белсенді жастар мен жергілікті тұрғындар жұмыла қатысты. Қызылкөл маңы мен көлге апарар жол бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында арнайы пластик қалдықтарға арналған қоқыс жәшіктері орнатылды.


-Таза табиғат — жарқын болашақтың кепілі. Қоршаған ортаны қорғау — әрбір азаматтың міндеті. Бүгінгі сенбілікке атсалысып, табиғатқа жанашырлық танытқан баршаңызға алғысымды білдіремін. Осындай бірлігіміз бен жанашырлығымыз көпке үлгі болсын, - деді аудан басшысы.


Айта кетейік, аталған акция бұған дейін 7-11 сәуір аралығында аудан аумағындағы 12 ауылда өткізіліп, акцияға 972 адам атсалысты.

Бөлісу