ТҮРКІСТАН: Мақтаарал, Жетісай аудандарына келесі жылы ерекше көңіл бөлінеді

0
1 651

Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы Түркістан қаласында жаңадан салынған облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат аппараы орналасқан ғимаратта өтті.


ТҮРКІСТАН: Мақтаарал, Жетісай аудандарына келесі жылы ерекше көңіл бөлінеді

Келер жылы инфрақұрылым бойынша облыстың оңтүстік бағытына ерекше көңіл бөлінеді. Мақтаарал, Жетісай бағытандағы ауылдарда көптеген жұмыстар атқарылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен облыстық мәслихат сессиясында облыс әкім Өмірзақ Шөкеев айтып өтті.
"Әлеуметтік салаға бюджеттің үштен бір бөлігі бағытталып отыр. Оның ішінде білім беру, ауыз су, газдандыру, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту, Түркістанды дамыту және өзге де мәселелерге қаржылар бөлінеді. Келесі жылы инфрақұрылым бойынша облыстың оңтүстік бағытына ерекше көңіл бөлеміз. Мақтаарал, Жетісай бағытанда көптеген жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ, қазір Түркістан қаласының көшелері жөнделіп, гүлзарлар, аллеялар жасалуда. Осы жұмыстар әрмен қарай жалғасын табады", – деді облыс әкімі.
Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы Түркістан қаласында жаңадан салынған облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат аппараты орналасқан ғимаратта өтті. Онда Өмірзақ Шөкеев көпшілікті еліміздегі ең ұлық мереке Тәуелсіздік күнімен және ҚР Мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады.
Облыстық, аудан, қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым төрағаларын және мекеме басшыларын өңірдің дамуына және облыстың саяси белсенділігін арттыруға қосқан үлесі үшін ҚР Мәслихаттарының 25 жылдық мерекелік медальімен марапаттады. Арнайы алғыс хат пен ҚР Мәслихаттарының 25 жылдығына орай жарық көрген кітапты табыс етті.
С.Ибадуллаев төрағалық еткен сессияның күн тәртібінде 18 мәселе қаралды.