ТҮРКІСТАН: Мақтааралда ауыз су жүйелері қайта құрылып жатыр

0
816

33 шақырым құбыр жүргізіліп, ұңғымалар бұрғыланған.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда ауыз су жүйелері қайта құрылып жатыр

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі ондағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысын бақылады. Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сай күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен Мақтааралдағы барлық құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда облыс басшысы су басқан Фирдоуси ауылының тұрғындарымен кездесіп, салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады.

2377 тұрғын мекен еткен Фирдоуси ауылын қалпына келтіру жұмыстары да тынымсыз жүріп жатыр. Жалпы ауданы 1358 га болатын ауылда 327 үй орналасқан. Бүгінгі таңда ондағы жарамсыз үйлер бұзылып, үй аумақтары тазартылған. Басым бөлігінің іргетасы құйылып, 96 үйдің қабырғасы қаланып, шатырлары жабылып жатыр. Жалпы құрылыс жұмыстарына 1002 адам тартылған.

Сонымен қатар, «Фирдоуси» атындағы мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып, ауылдағы ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда 33 шақырым құбыр жүргізіліп, ұңғымалар бұрғыланған және абоненттік жәшіктер орнатылып, жаңа су мұнарасын орнату жұмыстары басталған.