ТҮРКІСТАН: Мақтааралда тағы 20 үйдің шатыры жабылып жатыр

0
837

195 үйдің 184-іне 8,5 млн теңгеден аударылған.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда тағы 20 үйдің шатыры жабылып жатыр

Мақтаарал ауданы Өргебас ауылында 20 үйдің шатыры жабылып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су шайған Өргебас ауылында алғашқы 66 үйдің іргетасы құйылып, 20 үйдің шатыры жабылып бітті. Сондай-ақ, 20 үйдің қабырғасы өріліп, бірінші жаппасын жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы Өргебас ауылында 195 үй бар. Бүгінгі таңда оның 145-і толық бұзылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, 50 үйді бұзбауға тұрғындардың өздері өтініш білдірген. Бүгін бұл туралы Өргебас ауылына жауапты болып бекітілген Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков мәлім етті.Оның айтуынша, жалпы Өргебас ауылындағы 195 үйдің 184-іне 8,5 млн теңгеден аударылған. Қалған қаржылар екінші траншпен аударылатын болады. Баспаналарын өздері салатын тұрғындарға құрылыс материалдарын жеткізіп беру жұмыстарында қолбайлау жоқ. Яғни, Жетісай аудандық әкімдігі құрылыс материалдарын шағырумен айналасатын кәсіпкерлермен келісіп, қажетті материалдарды дер кезінде жеткізіп беру үшін келісімшарт жасасқан.

«Құрылыс материалдарын шығарытын немесе сататын кәсіпкерлерді осында арнайы шақыртып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ. Негізінен құрылыс материалдары Шымкент пен Сарыағаш қалаларынан жеткізілуде», - дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков.