Мақтаарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы болып қызмет етіп келген.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округіне әкім болып Тәтеев Сұңқар Тоқтарұлы тағайындалды. Ол аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып қызмет атқарады.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Махамбет Ердешов жаңа басшыны округтің активіне таныстырып, бастап жатқан қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, округтің белсенділері жаңа әкімнен көп үміт күтетіндерін жеткізді.
Сұңқар Тоқтарұлы 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген.
1999 жылы Қазақтың ауыл шаруашылық институтын "Ғалым-агроном" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман-статист міндетін атқарушы болып бастап, кейіннен жетекші маман-статист болып жұмысын жалғастырған.
2008 жылы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман-жер инспекторы болып жұмыс істеді.
2010 жылы Мақтаарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық агенті болған.
2013 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы болып қызмет етіп келген.
Айта кетейік, Мақтаарал ауылдық округі Мақтаарал ауданындағы ең үлкен округ болып саналады. 16 елді мекеннен тұратын округтің жер көлемі 13650 гектарды, тұрғындарының саны 16220 адамды құрайды.