ТҮРКІСТАН: Мақтааралдан тәулігіне 20-25 тонна қоқыс шығарылып жатыр

0
967

Қоқыстың басым бөлігі балшық саз.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдан тәулігіне 20-25 тонна қоқыс шығарылып жатыр

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен 5 ауылда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәселен, Сарыағаш ауданына бекітілген Жаңатұрмыс елдімекенінде жалпы 4 арнайы техника мен 30 қызметкер жұмылдырылған. Олар ауыл көшелеріндегі тасқыннан жиналған күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығарумен айналысып жатыр.

Айта кетейік, аталған тазалық жұмыстарына Жаңатұрмыс елдімекенінің тұрғындары да белсене атсалысуда.

Сондай-ақ, Достық елдімекеніндегі тазалық жұмыстарына Сарыағаш ауданы әкімдігі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, жалпы 3 арнайы техника, 20 қызметкер жұмылдырылып, бірқатар жұмыстар атқарылған.
Ал, Келес ауданына бекітілген Фирдауси елдімекенінде 170 -тен аса үй арнайы сараптамадан өтіп, бұзу жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі таңда аталған елдімекендегі Нұрдала көшесінде 14 үй бұзылып, 4 үйдің алаңы тазартылған. Әр үйден шығып жатқан қоқыстың басым бөлігі балшық саз болғандықтан, орта есеппен тәулігіне 20-25 тонна қоқыс шығарылуда.

Фирдауси елді мекеніндегі жалпы 2377 азаматтың 1500- нан астамы Келес ауданына бекітілген 4 эвакуациялық пунктке жайғасқан. Қалғаны туған туысқандарының үйінде.

Дәл осындай жұмыстар Өргебас пен Жеңіс ауылдарында да жалғасуда. Бұл аймақтардағы тазалық жұмыстарын Жетісай мен Шардара аудандары жүргізуде.