ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік бағдарламалар еңбек нарығының мүмкіндіктерін кеңейтеді

0
630

Ұстаздарға кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, атқарылатын жұмыстарды кең көлемде түсіндірді.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік бағдарламалар еңбек нарығының мүмкіндіктерін кеңейтеді

Әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар еңбек нарығының мүмкіндіктерін кеңейтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Кентау қалалық қоғамдық штабтың мүшелері Р.Жұмабаева, Б.Дәрібаева, А.Утепбаева, Қ.Бақберген, Т.Омаров білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Ұстаздарға кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, атқарылатын жұмыстарды кең көлемде түсіндірді.


«Әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар еңбек нарығы мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әлеуметтік төлем көлемін ұлғайтып, халықтың мұқтаж топтарын қолдаудың жаңа құралы енгізіледі. Жаңа білім мен өнімді еңбек арқылы әр азаматтың басты қажеттілігін қамтамасыз етуге және өмірін жақсартуға көмектесеміз», - деді штаб мүшесі Қ.Бақберген.


Ал, Т.Омаров Әділетті Қазақстанды құру жолында ағартушылық құндылықтарға басымдық берілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, ұтаздар қауымына көрсетілетін қолдауларды атап өтті.


Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттіген кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшесі М.Дәулетовтың Жартытөбе ауылының тұрғындарымен кездесуі мәдениет үйінде өтті.Ол ауыл тұрғындарына Қ.К.Тоқаевтың президенттікке үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін" атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріп, ұсыныс пікірлерін тыңдады.


«Ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамыту көзделуде. Бұл бойынша алдағы 3 жылда ауқымды жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы 1 триллионға жеткізілмек. Мұның бәрі – ауыл тұрмысын жақсартуға жасалған қадамдар», - деді Мәлік Жұмаханұлы.


Сонымен қатар кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ауылдық жерлерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Төлебилік сенімді өкілдерС.Ахтаев, А.Сахов және Ж.Амангелдиев Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті. Штаб мүшелері еңбек адамдарына еліміздің алдағы 7 жылдағы дамуының жалпы жоспары жайлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдарын жеткізді. С.Ахтаев кандидаттың сайлауалды бағдарламасына сәйкес бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруда кедергі келтіретін жағдайдың барлығы жойылатынын жеткізді.


Ж.Амангелдиев сайлауалды бағдарламада экономиканың барлық саласында тұрақты жұмыс орындары ашылатынын, өңірлерді кешенді дамытуға ерекше назар аударылып, кәсіппен айналысамын деген жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5% болатын шағын несие берілетініне баса назар аудару қажеттігін атап өтті.


Кездесу барысында сайлаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Ал, соңында штаб мүшелері ұжым жұмысшыларын сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды. Сайлаушыларға кандидат Қ.Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған сайт жөнінде ақпарат беріліп, электронды түрде ұсыныс пен тілек жіберу тәсілдері түсіндірілді.