ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік грант ұтып, кәсіп ашқандар саны артып жатыр

0
751

555 600 теңгені құрайтын сертификат ұтып алған.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік грант ұтып, кәсіп ашқандар саны артып жатыр

Шардара ауданында 130 азамат мемлекеттік грантпен кәсіп ашқан, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап өтсек, 2020 жылы мемлекет тарапынан шағын кәсіпті қолдау мақсатында ел аумағында қайтарымсыз ақшалай көмек ретінде "Еңбек" бағдарламасы қолға алынған болатын. Аталған ағдарлама Түркістан облысында жүйелі түрде іске асырылып, бүгінгі күнге дейін бағдарлама аясында Шардара ауданының 130 азаматы қайтарымсыз грантқа ие болған және құны 555 600 теңгені құрайтын сертификат ұтып алған.

Сол жеке кәсіпкерлердің бірі қала орталығынан өзінің тігін цехын ашқан Ерманова Құрбанкүл Төкешқызы. Ол шағын тігін цехын ашып, тапсырыс бойынша киім-кешек тігу және оны өңдеумен айналысып келеді. Ол қайтарымсыз мемлекеттік грант туралы естіп, бірден қатысуға бел буған.

«Қолымнан тігін тігу ісі келген соң, осы салада өз бизнес жоспарымды сәтті қорғап, қайтарымсыз грантқа ие болдым. Шағын кәсіппен айналысам деп жүрген азаматтарға беріліп жатқан мұндай қолдауға шексіз алғысымды білдіремін», - дейді жас кәсіпкер.