ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сарыағаш, Келес тұрғындарымен кездеседі

0
682

Облыс тұрғындарының назарына!


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сарыағаш, Келес тұрғындарымен кездеседі

Түркістан облысының әкімі Сарыағаш, Келес ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 5 мамырда сағат 11.00-де Сарыағаш қаласы, М.Шораұлы көшесі, 44 «А» мекен жайында орналасқан аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаңда өтеді. Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 5 мамырда сағат 12.00-де аудандық мәдениет үйінің жанындағы кітапханада өтеді.


Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Келес ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 5 мамырда сағат 16.00-де Ә.Кенжеев атындағы мәдениет үйінің алдындағы алаңда өтеді, сондай-ақ, облыс әкімінің аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдауы 2022 жылғы 5 мамырда сағат 17.00-де аудан әкімі аппаратының ғимаратында өтеді.


Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 4 мамырға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.