ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары өзбекстандық компаниялардың басшылығымен кездесті

0
148

BMB Holding 1 000-нан астам шетелдік компаниялармен жұмыс істейді.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары өзбекстандық компаниялардың басшылығымен кездесті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Өзбекстанның жетекші компанияларының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков бастаған делегация Ташкент қаласында сапары саясында BMB Holding инвестициялық холдингінің басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Холдинг бірқатар бағытта қызмет атқарады.


Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу, экспорттық-импорттық операциялар, агрологистика және өнімді сақтау, медиажобалар, қонақүй бизнесі мен туризм, сондай-ақ инвестициялық жобаларға консалтингтік және сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді.


BMB Holding 1 000-нан астам шетелдік компаниялармен жұмыс істейді, бірлескен жобалардың жалпы құны шамамен 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Түркістан облысының делегациясы отандық өнім экспортын қолдау мақсатында жұмыс істейтін Өзбекстанның «Uztrade» АҚ мемлекеттік сыртқы сауда компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді.


Компанияның негізгі қызметі — ауыл шаруашылығы өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, құрылыс материалдарын және қайта өңделген өнімдерді экспорттау. Логистика, сертификаттау, кедендік ресімдеу қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ шетелде ірі сауда үйлерін ашуда. Компания Өзбекстанның сыртқы саудасын дамытуда маңызды рөл атқарады және халықаралық нарықтарда шағын және жекеменшік бизнесті қолдайды.


Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импорты саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағыттарын талқылады.


Айта кетейік, Ташкентте ТМД-ға мүше мемлекеттердің өңірлерінің алғашқы форумы өтті. Жаңа платформа ТМД елдері аймақтары үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Форумға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тағат Қозбеков бастаған делегация және қазақстандық компанияның өкілдері қатысты.


Форум аясында ТМД-ға мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығын дамытудағы өңірлердің рөлі, өңірлер арасындағы халықаралық байланыстарды дамыту, атап айтқанда, білім, мәдениет, туризм және т.б. салалардағы өзекті мәселелер бойынша панельдік сессиялар, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің палаталары басшылары кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Бөлісу